Жозе Моуриньюге Сауд Арабиясынан тиімді ұсыныс түсті

Жозе Моуриньюге Сауд Арабиясынан тиімді ұсыныс түсті
Футбол

Getty Images

Италиялық "Романың" бас бапкері Жозе Моуриньюге Сауд Арабиясы клубтары бірінің тізігінін ұстауға тиімді ұсыныс түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы танымал инсайдер Николо Скира әлеуметтік желідегі парақшаларында мәлімдеді. 

Скираның мәліметінше, Жозе Моуринью ұсыныстың тиімділігіне қарамастан, "Ромадағы" қызметінде қала бермекші. 

Жозе Моуринью 2021/2022 жылдар маусымынан бері "Романы" жаттықтырып келеді, Биыл ол командасымен бірге Еуропа Лигасы финалында өнер көрсетті. Финалда "Севильямен" ойнаған римдік команда негізгі уақытта 1:1, пенальтиде 1.4 есебімен жеңіліс тапты.