Конор Макгрегор пабта төбелес шығарды

Конор Макгрегор пабта төбелес шығарды
Жекпе-жек

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор Макгрегор тағы да келеңсіз жайтқа тап болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл жолы Макгрегор ағылшынның Биркинхед қаласындағы пабта төбелес ұйымдастырған. Негізі ол бұл шаһарға өзінің әпкесі Памеланы жерлеу рәсіміне қатысу үшін келген болатын.

Біз сыртта тұрғанбыз, кенеттен шынылардың сынып жатқан дыбысы естілді. Сонан соң Макгрегор жүгіріп шығып, күзетшілеріне «мені бұл жерден алып кетіңдер» деп айғайлады, - деді оқиға куәгері.

Шілденің басында Конорға зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған.