Александр Винокуров әлем чемпионы атанды

Александр Винокуров әлем чемпионы атанды
Басқа

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуров әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақтың велошабандозы 50+ категориясында сынға түсіп, алтын жүлдеге ие болды. 

Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін испаниялық Рауль Патино алса, қоласы Адриан Яшқа бұйырды.