Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Жекпе-жек

Нэшвиллде (АҚШ) UFC турнирінің алдын ала кардында қазақстандық Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Дебютті айқасында Асу қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Алмабаев ММА-дегі жеңісті жолын жалғады. Ол осымен 14-жеңісіне қол жеткізді. 

Алмабаев соңғы рет 2017 жылы жеңіліс тапқан.