Асу Алмабаев UFC-дегі жеңісінен соң пікір білдірді

Асу Алмабаев UFC-дегі жеңісінен соң пікір білдірді
Жекпе-жек

©twitter.com/UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттық жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Нашвиллдегі UFC турнирі аясында Алмабаев Оде Осборнды мерзімінен бұрын жеңгенін бұған дейін хабарлағанбыз.

UFC, мен жаңа жұлдызбын, мен осы дивизионның жаңа жұлдызымын – Зульфиқар! Алға, Қазақстан! Мен 2025 жылы чемпион боламын деп айттым ба? Егер солай айтқан болсам, солай болады деген сөз. Отбасыма, достарыма жалынды сәлем! - деді қазақстандық.

Сонымен қатар Асу мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін қомақты бонусқа ие болды. Бұл жетістік Алмабаевқа ММА-дағы жеңісті серияны ұзартуға мүмкіндік берді, ол осымен 14-айқасында жеңіске жетіп отыр. Соңғы рет қазақстандық 2017 жылы жеңіліп қалған.