Нұралы Әліп басты арманы туралы айтты

Нұралы Әліп басты арманы туралы айтты
Футбол

"Зенит" ФК

«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Еуропа чемпионаттарының бірінде бақ сынап көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сонымен қатар ол құрамадағы әріптесі Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлдың «Бешикташына» ауысуға лайық деп санайды.

Бахтиер үшін өте қуаныштымын. Баханы құттықтаймын, ол өзін РПЛ-да жақсы қырынан көрсетті және еуропалық клубта өнер көрсетуге лайық. Түркия чемпионатының деңгейі жоғары, «Бешикташ» мықты клубтардың бірі. Баханың қолынан бәрі келетініне сенімдімін, – деді Нұралы.

Өзі де Еуропаға аттануды қалайтынын айтқан Нұралы алдымен «Зенит» сапында толық матчтарға қатысу керектігін тілге тиек етті.

Мен де бағымды сол жақта сынап көргім келеді. Қандай чемпионат болса да маңызды емес. Бірақ алдымен «Зенитте» өзімді көрсетуім керек. Яғни тұрақты түрде алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы ойнауым қажет. Бұл жақта бәсекелестік өте жоғары, – деді Әліп.