Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Григорий Ломакин Таиландтағы турнирді сәтті өткізіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Таиландтың Накхонситхаммарат қаласында ITF турнирінің екінші матчын өткізді, Хард төсеніште өтіп жатқан аламанда Ломакин малайзиялық теннисші Митсуки Вей Канг Леонгпен өткізіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 7:6, 6:3.

Бұл кездесу Таиланд турнирінің 1/8 финалы аясында өтті.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы – жергілікті Юттан Шароенфон.

Айта кетейік, 25 жастағы спортшы АТР рейтингінде 1057-орында келеді.