«Астана» алғашқы ойында жеңіске жетті

«Астана» алғашқы ойында жеңіске жетті
Футбол

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф бәсекесінің алғашқы матчында «Астана» жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Астана» өз алаңында Албанияның «Партизани» командасын қабылдады. Кездесу барысында қазақстандық команда басым болды. Ойынның 41-минутта елордалық клубтан Степан Лончар қарсылас команда қақапшысын қапы қалдырды. Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды.

Қарымта матч бір аптадан кейін Албанияда өтеді.

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Партизани» (Тирана, Албания) – 1:0

Гол: Лончар, 41 (1:0).