ММА федерациясының басшысына іздеу жарияланды

ММА федерациясының басшысына іздеу жарияланды
Жекпе-жек

Қазақстанның біріккен ММА федерациясы өз басшылары Алик Айдарбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстанның біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның іс басындағы президенті Алик Айдарбаевты іздейді. Алик Серікұлы, спортшылармен байланысқа шығуыңызды сұраймыз, - делінген федерацияның Instagram аккаунтында жарияланған мәліметте.

Туризм және спорт министрлігі осы жайтқа байланысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді. Айта кетейік, бұған дейін 2013-2017 жылдар аралығында Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, 2018-2022 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы болған.

Осы жылдың ақпан айында Айдарбаев Ұлыбританияда өткен мерекелік шарада көзге түсті.