Мария Агапованың UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Мария Агапованың UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды
Жекпе-жек

©instagram.com/mma.mashka

UFC-дегі алғашқы қазақстандық бойжеткен Мария Агапова (10-4) октагонға 7 қазанда оралуы керек болған, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл күні ол UFC Vegas 80 аясында америкалық Монтана Де Ла Росамен (12-8-1) кездесу өткізуі керек еді, алайда бұл айқас өтпейтін болды.

Ecosystem тілшісі Крис Преснеллдің сөзіне қарағанда, бұл айқастың өтпей қалуына Агапованың виза мәселесінің шешім таппауы себеп. қазір осы мәселе қарастырылып жатқан көрінеді, алдағы уақытта қазақстандықтың жекпе-жегінің уақыты нақтыланады.

Агапова 2022 жылғы қыркүйектен бері айқасқан жоқ. Ол кезде жерлесіміз екінші раундта канадалық Джиллиан Робертсоннан (12-8) ұтылып қалған.

UFC-де Мария үш рет жеңіліп, екі рет жеңіске жеткен.