Хорват басылымы «Астана» сапындағы екі ойыншыны жоғары бағалады

Хорват басылымы «Астана» сапындағы екі ойыншыны жоғары бағалады
Футбол

«Астана» ФК

Хорватияның HRSport.hr сайты «Астана» сапындағы көзге ерекше түскен екі ойыншыны атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бүгін Конференция лигасының топтық кезеңінің аясында елорда клубы Загребте жергілікті «Динамомен» ойнайды. БАҚ өкілдері астаналықтар сапынан өз жерлестерін ерекшелеуді жөн көріпті: Марин Томасов пен Йосип Чондрич.

«Астана» сапында екі қызықты футболшы бар: шабуыл шебінде Марин Томасов және қақпада Йосип Чондрич. Дегенмен команданың өзге футболшылары жоғары ойын өрнегімен көзге түспеген. Сондықтан «Динамо» жанкүйерлерін жеңістен басқа нәтиже қанағаттандырмайды, - делінген басылымда.