Дидар Хамза карьерасын аяқтады

Дидар Хамза карьерасын аяқтады
Дзюдо

Дидар Хамзаның жеке парақшасынан

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза карьерасын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Ұлттық құрамада жүргеніме 11 жыл болыпты. Жасөспірім, жастар бәрін қосқанда осы уақытқа дейін қолдан келгенше күресіп, мақсатыма жетпесем де, жүлделі орындардан көріндім. Осы уақытқа дейін қолдаған, жанкүйер болған адамдарға алғысым шексіз. Соңғы жарысымда сіздерді қуанта алмағаным үшін кешірім сұраймын! Осымен спорттық мансабымды айақтаймын! - деді Хамза.