Майк Тайсон бүгінгі заманның ұлы боксшысын атады

Майк Тайсон бүгінгі заманның ұлы боксшысын атады
Бокс

Корреспондент.net

Аса ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон ММА жұлдызы Фрэнсис Нганнуды Тайсон Фьюриге қарсы дайындап жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Fightnews.info-ға берген сұхбатында Тайсон британ боксшысын мақтаған. Тайсон Фьюриді қазіргі заманның ұлы боксшы деп санайтынын алға тартты.

Фьюри – тарихтағы ұлы боксшы емес, бірақ өте жоғары деңгейде тұрғаны рас. Ол қазіргі заманның ұлы боксшысы. Тайсон мықтылардың қатарында. Оның өткен шағы жайлы да ұмытпайық, Нганнумен кездесуі оның алғашқы айқасы емес. Фьюри өз атағын бұған дейін де қорғаған, жеңілмеген боксшы. Тайсон – бүгінгі бокстың сенсациясы, оған ешкімнің күмәні болмасын. Біз оның орынтағын тартып алу үшін келдік, – деді Майк Тайсон.

Айта кетейік, Фьюри – Нганну жекпе-жегі 28 қазанда Сауд Арабиясында өтеді.