Қазақстан футзалшылары Әзербайжанмен ойында камбэк жасады

Қазақстан футзалшылары Әзербайжанмен ойында камбэк жасады
Футзал

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Әзербайжан құрамасымен өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кака бапкер бұл ойында мына құрамға сенді: Игита, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов, Серіков, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Тайбасаров, Дәрібай, Әбдіманапұлы.

Матчтың басында Әзербайжан ойыншылары 2:0 есебімен алда тұрған. Дегенмен үзіліске дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Лео алыстан шірене тартса, сосын Біржан Оразов мергендік танытты. Екінші таймда Дуглас жеңіс голын соқты.

Сөйтіп, Қазақстан 4 ойында 12 ұпай жинап, жеке-дара көш бастады.

Қазақстан – Әзербайжан – 3:2

Голдар: Амадеу, 4 (0:1). Галло, 8 (0:2). Лео, 13 (1:2). Оразов, 18 (2:2). Дуглас Жуниор, 22 (3:2).