Хамзат Чимаевпен UFC 294-те Камару Усман шығатын болды

Хамзат Чимаевпен UFC 294-те Камару Усман шығатын болды
Басқа

UFC-де швециялық Хамзат Чимаев үшін жаңа қарсылас табылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Усман - Чимаев жекпе-жегі 21 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 294 турнирінің басты оқиғаларының бірі болады.

Бастапқыда Чимаевтың қарсыласы Паулу Коста болды, бірақ бразилиялық жекпе-жектен бас тартты.

Себебі ол қолына операция жасап, жекпе-жекке дайындалуға уақыт болмады.

Естеріңізге сала кетейік, UFC кешінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы чемпион ресейлік Ислам Махачев пен австралиялық Александр Волкановский арасында өтеді.