Футзалдан Қазақстан құрамасының топтағы жағдайы белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының топтағы жағдайы белгілі болды
Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы 4 матчтан кейін 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің элиталық раундының "А" тобында көш бастап тұр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кеше біздің жігіттер Әзірбайжанды жеңді (3:2), ал Нидерлан пен Румыния тең түсті (1:1).

Осылайша біздің команда соңғы екі матч алдында Әзірбайжан мен Нидерландтан ұзап кетті.

А тобының кестесі:

1. Қазақстан-12 ұпай (13-7);

2. Румыния-7 ұпай (9-7);

3. Әзірбайжан - 3 ұпай (11-11);

4. Нидерланды-1 ұпай (3-11).

Қазақстан 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің элиталық раунды аясында енді Румыния мен Нидерландқа қарсы ойнайды.