Санжар Ташкенбай Меккеге барды

Санжар Ташкенбай Меккеге барды
Бокс

instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Санжар Ташкенбай қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы Санжар Ташкенбайдың өзі әлеуметтік парақшада мәлімдеді. Спортшы кіші қажылыққа жақындарымен бірге барған.

Алланың қалауымен қасиетті Меккеге келіп, умра қажылығын өтеу нәсіп етіпті. Алла құлшылығымызды қабыл етсін, - деп жазба қалдырды Ташкенбай.

Санжар Ташкенбай биыл мамыр айында Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатпай, жеңімпаз атанды.