Сабина Алтынбекова даулы жағдайға қатысты үндеу жасады

Сабина Алтынбекова даулы жағдайға қатысты үндеу жасады
Волейбол

Сұлулығымен танымал болған волейболшы даулы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол мұндай әрекеттің барлығын жетістігін көреалмайтын адамдардың істеп жүргенін айтты.

Қызғаншақ адам пешті жағып, өзін сол отқа тастаған адам сияқты. Көреалмаушылық – көп қиыншылықтың себебі. Көреалмаушылық адамның жүрегін қарайтып, бақытсыз етеді, өйткені оның жүрегі көреалмайтын адамы өзіне берілген жақсылықтан айырылғанда ғана тыныштық табады, -дейді Сабина Алтынбекова.

Ол сол себепті белгілі бір адамдарға үндеу жасағысы келетінін айтты.

Қанша пасық әрекет жасасаңыз да, белгілі бір адамдарға ақшаға арыз жаздыртсаңыздар да менің өміріме ол әсер етпейді.Мен еңбек етуді, өмірімді жақсартуды жалғастыра беремін. Алға қойған мақсаттарыма жету үшін барымды саламын. Менің сағым сынбайды. Мен ренжімеймін, ашуланбаймын да. Менің беделіме нұқсан келтіре алмайсыздар. Себебі ақылды адам бәрін өзі түсінеді, - дейді волейболшы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың онлайн курстарына көңілі толмаған оқырмандары полицияға шағым түсіріп, ақшаларын қайтаруды талап еткен болатын.