«Барыс» америкалық ойыншымен келісімшартты тоқтатты

«Барыс» америкалық ойыншымен келісімшартты тоқтатты
Хоккей

"Барыс" ХК

Астананың «Барыс» хоккей клубы америкалық шабуылшы Джереми Браккоға қатысты шешімін мәлім етті, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Барыс» хоккей клубы екіжақты келісім бойынша Джереми Браккомен келісімшарт тоқтайтынын ресми мәлімдейді, - деп хабарлады қазақстандық команда.

26 жастағы шабуылшы «Барыс» сапына 2022/23 жылғы маусым алдында қосылып, 59 ойында 40 ұпай жинады (14+26).

Бұған дейін Бракко астаналық клубтан кеткеннен кейін ресейлік «Сочиге» ауысқаны белгілі болған.