"Қорқыныш көрдім". Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз арбасты

Бокс

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) IBF титулына ие Винченцо Гуальтиеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық пен германиялық боксшы көз арбасты.

"Бүгін мен қарсыласымның көзіне қарадым. Не көрдім дейсіз ғой? Қорқыныш көрдім. Мен оны нокаутқа жіберемін", - деп мәлімдеді Әлімханұлы.

Айта кетейік, жекпе-жек 12 раундқа есептеліп, Розенбергте (АҚШ) өтеді. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал бокс кешінің тікелей көрсетілімі 15 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де басталады.

Боксшылар WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионын анықтайды.

Айта кетейік, осыған дейін екі боксшы да жеңілмеген.

Әлімханұлының 14 жеңісі бар, олардың тоғызы нокаутпен.

Гуальтиери 21 жекпе-жекте жеңіске жетті, оның жетеуі мерзімінен бұрын, ол тағы бір жекпе-жекті тең аяқталды.