Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атанды

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша
Бокс

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа қатысты шешім Доминикан Руспубликасында өткен конференцияда қабылданды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Айта кетейік, отандық танымал боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) қазір келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Боксшы даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. Ал оның келесі қарсыласы екі аптадан кейін ғана белгілі болады.

Жерлесіміз IBF нұсқасы бойынша үздіктердің бірімен кездесуге үмітті.

Бұған дейін былғары қолғап шебері WBC белдігі үшін таласқысы келетінін де айтқан.

Соңғы рет Нұрсұлтанов шаршы алаңға сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтты.