Дания мен Қазақстан ойынының төрешілері тағайындалды

Дания мен Қазақстан ойынының төрешілері тағайындалды
Футбол

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Дания мен Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойын 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де өтеді.

Матчты Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесуде англиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші — Майкл Оливер, оған Стюарт Бэрт пен Ли Беттс көмекшілік жасайды. Төртінші төреші — Эндрю Мэдли.

Алты турдан кейін H тобында 13 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.