Лос-Анджелестегі жазғы Олимпиада бағдарламасына бес спорт түрі қосылды

Лос-Анджелестегі жазғы Олимпиада бағдарламасына бес спорт түрі қосылды

Халықаралық Олимпиада комитетінің атқару комитеті 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жаңадан бес спорт түрін қосты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Атап айтқанда, флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош, және бейсбол/софтбол болады. 2028 жылғы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. 

Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі американдық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Құрама Штаттардағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді» - деді ХОК президенті Томас Бах.