Дзюдошылардың тағы бір сәтсіз жарысы. Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды

Дзюдошылардың тағы бір сәтсіз жарысы. Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды
Дзюдо

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында 24-26 қазанда дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтті. Қазақстаннан әйелдерден жеті, ерлерден 14 балуан барған. Аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аталмыш жарысқа әлемнің 81 елінен 461 спортшы келген. Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады. Қыздардан тек аса ауыр салмақтағы Кәмила Берліқаш финал шықты. Оның қандай жүлдеге ие болатынын санаулы уақыттан кейін білеміз. Негізі Қазақстан негізгі құрамын апарған. Дзюдодан тағы бір сәтсіз жарыс болды.

Бұған дейін Қазақстан әлем чемпионаты мен Азия ойындарында дзюдодан алтын алмаған еді.

Әйелдер:

Абиба Әбужақынова – 48 келі,

Ғалия Тынбаева – 52келі,

Эсмигүл Куюлова – 63келі,

Екатерина Токарева – 70 келі,

Маргарита Гриценко – 78келі,

Кәмила Берліқаш және Назгүл Маратова – 78 келіден жоғары.

Ерлер:

Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин – 60 келі,

Ғұсман Қырғызбаев пен Сұңғат Жұбатқан – 66 келі,

Данияр Шамшаев пен Жансай Смағұлов – 73 келі,

Абылайхан Жұбаназар мен Айбол Нысанәлі – 81 келі,

Ермахан Әнуарбеков пен Аян Байғазы – 90 келі,

Нұрлыхан Шархан мен Ислам Бозбаев – 100 келі,

Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев – 100 келіден жоғары.