«Қайрат» бұл жолы тең түсті

«Қайрат» бұл жолы тең түсті
Футзал

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл жолы Венгрияның «Халадаш» клубымен кездескен. Бірінші таймда Дрот қарсыласты алға шығарған. Дегенмен, үзіліске дейін Альберт Ақбалықов таразы басын теңестірген болатын. Екінші таймда Алекс Виана «Қайраттың» екінші голын соқты. Өкінішке қарай, алматылық ұжым бір секунд қалғанда қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Қорытынды есеп – 2:1.

«Қайрат» соңғы ойында Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы Испанияның «Пальма» клубымен кездеседі.

«Халадаш» (Сомбатхей, Венгрия) – «Қайрат» – 2:2

Голдар: Дрот 4, Сантос Кассемиро 39 – Альберт Ақбалықов 15, Алекс Виана 20