Шавкат Рахмоновтың қатысуымен өтетін UFC турнирінің постері жарияланды

Шавкат Рахмоновтың қатысуымен өтетін UFC турнирінің постері жарияланды
Жекпе-жек

16 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінің ресми постері жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Турнир қатысушыларының бірі - UFC-дегі орта салмақ өкілі қазақстандық который Шавкат Рахмонов. Ол негізгі кардта америкалық Стивен Томпсонмен өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 17 желтоқсан күні таңертең өтеді.

Ал шоудағы басты айқас британиялық
Леон Эдвардс пен америкалық Колби Ковингтон арасында өтеді.

Сонымен қатар аса жеңіл салмақта бразилиялық Алешандре Пантожа мен америкалық Брэндон Ройвал кездеседі.