«Аят» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

«Аят» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады
Футзал

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің негізгі раундында Рудный «Аят» клубы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл жолы «Аят» Украинаның «Хит» командасымен кездесті. Басында бәрі әдемі басталған. Алғашқы 10 минутта Әбдірасул Әбдіманапұлы мен Евгений Козырчиков екі гол соққан. Ойынның соңғы минуттарында украиналық команда екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша командалар 2:2 есебімен тең түсті. Енді аталған топта «Спортинг» және «Олмиссум» командалары кездеседі.

«Аят» төртінші орынмен Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады.

МФК «Хит» (Украина) – «Аят» – 2:2

Голдар: Евгений Серый 39, Андрей Мельник 40 – Әбдірасул Әбдіманапұлы 7, Евгений Козырчиков 20

«Аят»: Лео (Қ), Жеже, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Леандерсон, Лукас Розенски – Багдәулет Өмірзақов (Қ), Леандриньо (К), Евгений Козырчиков, Луан Марсело, Иван Марахов, Лукао, Антон Рындин.