«Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық раундына шықты

«Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық раундына шықты
Футзал

Футзалдан қазақстандық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы үшінші ойынын Испанияның «Пальма» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Қайрат» үшінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командалары.

Испаниялық клуб - Еуропадағы тәжірибелі ұжымның бірі.

Өткен жылы Чемпиондар лигасында бас бәйгеге ие болды.

Сондықтан бірінші таймда испаниялық футзал шеберлері Ромуло 2, Бруно Гомес 14, Фабиньо 15-минутта «Қайрат» қақпасына 3 гол соғып үлгерді.

Екінші таймда «Пальма» сапынан Клебер автогол авторы атанса, «Қайрат» ойыншысы Кайо Руис 29-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Ал «Пальма» сапынан 38-минутта тағы бір гол соғылса, 39-минутта алматылық Дәурен Тұрсағұлов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» Люксембургтің «Дифферданж» клубын 4:2 есебімен сүріндірсе, Венгрияның «Халадаш» командасымен 2:2 есебімен тең ойнады.

Бұл топтан «Пальма», «Қайрат», «Халадаш» элиталы сатыға жолдама алды.

Элиталық раунд ойындары биылғы 28 қараша - 3 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетсек, аталған сатыда қазақстандық «Аят» жарыс жолынан шығып қалды.