Сон Хын Мин карьерасындағы алғашқы автоголға қатысты пікір білдірді

«Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Мин АПЛ-нің 14-турында «Манчестер Ситимен» (3:3) өткен тең ойынға, сондай-ақ өзінің автоголына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жігіттерге «біз осы үшін де футболды жақсы көреміз» деп айттым. «Манчестер Сити» ең мықты командалардың бірі. Біз соңғы ысқырыққа дейін тырысып бақтық, сондықтан жігіттерді мақтан тұтамын. Бұл футбол ғой, кейде солай да болады. Мен команда үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстым.
«Манчестер Ситиге» қарсы матчта мансабымдағы алғашқы автоголға ие болдым, бұған тәжірибе деп қараймын. Жігіттер соңғы ысқырыққа дейін аянбады. Бреннан Джонсон керемет өнер көрсетті. Әдетте Деян Кулушевски баспен соқпайтын, сондықтан оларға риза болдым.
Менің ойымша, бұл ұпай бізге осы маусымда көп көмегін тигізеді. Бұл команда мен ойыншылардың сенімділігі үшін қажет, - деді ол Sky Sports-қа берген сұхбатында.