Қазақстан – Нидерланд кездесуіне Тоқаев қатысады

Қазақстан – Нидерланд кездесуіне Тоқаев қатысады
Футзал

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Нидерланд матчына президент Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұған дейін футболдан Қазақстан – Сан-Марино арасындағы ойын барысында ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака прездиентпен жолыққан. Сол кезде мемлекет басшысы ойынға шақырған еді.

Бірқатар ардагерлер, жаттықтырушылар, Олимпиада чемпиондары болды. Президент барлығымен амандасып болған соң, маған тоқтады. Мені танығанына таң қалдым. Қасым-Жомарт Кемелұлы футзалдың өте серпінді спорт түрі екенін айтып, біздің команданың ойынына көптен барғысы келетінін жеткізді. Мен 14 желтоқсанда Нидерландпен матч өтеді деп жауап бердім. Президент барынша тырысып, егер кестеде уақыт болса, біздің ойынға міндетті түрде келетінін айтты, - деді Кака.

Қазақстан мен Нидерланд кездесуі 14 желтоқсанда Астанадағы Жекпе-жек сарайында өтеді.