Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды
Жекпе-жек

Фото:instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін мэйн-ивент турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл кездесуде орта салмақта британиялық Леон Эдвардс үміткер америкалық Колби Ковингтонмен өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

«Номадтың» өзі де турнирге қатысады. Ол маңызы жағынан үшінші айқаста америкалық Стивен Томпсонмен жұдырықтасады. Осыдан соң чемпиондық атақ жеңімпазымен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Кім жеңетінін білмеймін, меніңше, чемпионда (Эдвардс) басымдық бар секілді. Оның чемпион атануы бекер емес қой. Кім жеңсе де бәрібір, жеімпазбен кездесуге дайынмын, - деді Рахмонов.