Ерасыл Жакпеков тартысты кездесуде қарсыласына есе жіберді

Ерасыл Жакпеков тартысты кездесуде қарсыласына есе жіберді
Бокс

Бокстан "Чемпиондар түні" халықаралық турнирінде қазақстандық Ерасыл Жакпеков өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

80 келіге дейінгі салмақта Жакпеков нидерландтық Градус Крауспен жұдырықтасқан болатын. 

Жекпе-жек аса тартысты өтті. Қарсылас бойының ұзындығына қарамастан, Ермахан дәл соққыларын өткізе білді. 

Алайда, әуесқой бокстағы үш раундтық жекпе-жекке бейімделген Жакпеков соңғы раундтарда әлсіздік танытты. 

Төрешілер 2:1 есебімен жеңісті Краусқа берді.