Қазақ хоккейшісі әлем чемпионатының үздік қақпашысы атағын иеленді

Қазақ хоккейшісі әлем чемпионатының үздік қақпашысы атағын иеленді
Хоккей

Қазақстан командасының қақпашысы Владимир Никитин Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, деп жазады Bassport.kz. 

Никитин әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған. 

Сондай-ақ, ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Бас бапкері Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да қатыстырды. 

Турнир барысында Қазақстан командасының қақпашысы 119 сейв жасаған. 

Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанып қана қоймай, Қазақстан командасының үздігі атына да лайық деп танылды.


Қазақстан Хоккей Федерациясының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қазақстан Хоккей Федерациясының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.