"Мессидің ізбасары" "Манчестер Ситимен" келісімге келді

Футбол

"Манчестер Сити" "Ривер Плейттің" 17 жастағы жартылай қорғаушысы Клаудио Эчеверриді қатарына қосу туралы келісімге келді, деп хабарлайды BasSport.kz.

The Guardian газетінің хабарлауынша, "қалалықтар" аргентиналық үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын, осылайша Эчеверри "Барселонаға" бармайтын болды. Дегенмен Эчеверри - "Ривер Плейттің" тәрбиеленушісі, академияда жүріп негізгі командаға өтті.

Ойыншының клубпен келісімшарты 2024 жылдың желтоқсанына дейін жазылған. Transfermarkt аргентиналықты 12 млн еуроға бағалайды. Осы маусымда Эчеверри алты матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Клаудио Эчеверриді "Барселона" аңызына теңеп, "Мессидің ізбасары" деп атайды. 17 жастағы аргентиналық футболшының өзі Мессидің жанкүйері екенін айтқан. 19 турдан кейін "Сити" АПЛ-да 37 ұпаймен төртінші орында тұр.