Футзал: Түркістанда Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды

Футзал: Түркістанда Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды
Футзал

 Түркістанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті. Шешуші матчта Алматының «Қайраты» биыл құрылған «Семеймен» кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бірінші кезеңде екі команда тең дәрежеде ойнады. Алдымен "Cемей" ойыншысы Дедезиньо Андерсон есепті ашты. Кейін "Қайрат" cапынан Дәурен Тұрсағылов таразы басын теңестірді.

Сосын командаласы Денер Родриго басымдықты арттырып еді, қарсылас клубтың ойыншысы Гильерме Тейшейра есепті 2:2-ге жеткізді. Алайда бірінші таймның аяқталуына 8 секунд қалғанда Денер Родриго дубль жасап, екінші голын соқты. Алғашқы тайм 3:2 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілді. 

Екінші таймда семейлік Дедезиньо Андерсон көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Кейін "Қайрат" Эдсонның голы арқылы қайтадан алға шықты. Матчтың шешуші голын алматылық клуб сапынан Денер Родриго салды.

Осылайша "Қайрат" футзал командасы 21-рет Қазақстан чемпионы атанды.