Шацкий Орталық Азияның ең қымбат қақпашыларының тізіміне енді

Шацкий Орталық Азияның ең қымбат қақпашыларының тізіміне енді
Футбол

Transfermarkt мәліметінше, футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Орталық Азияның ең қымбат қақпашыларының қатарына енді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Көш басында Тәжікстан құрамасы мен «Истиклол» клубының қақпашысы Рустам Ятимов тұр - 900 мың еуро.

«Шахтёр» қақпашысы Игорь Шацкий 4-орында — 600 мың еуро Биылғы маусымда Игорь «кеншілер» сапында 26 матч өткізіп, Еуро-2024-ке іріктеуде ел құрамасының қақпасын күзетті.

Орталық Азияның ең қымбат қақпашылары:


1. Рустам Ятимов (Тәжікстан/"Истиклол") — 900 мың еуро;


2-3. Уткир Юсупов (Өзбекстан/"Коканд 1912″) — 700 мың еуро;


2-3. Абдувохид Нематов (Өзбекстан/"Насаф") — 700 мың еуро;


4. Игорь Шацкий (Қазақстан/"Шахтёр") — 600 мың еуро;


5. Эржан Токотаев (Қырғызстан/"Шанлыурфаспор") — 300 мың еуро;


6. Расул Чарыев (Түрікменстан/"Ахал") — 175 мың еуро.