Жәмиля Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Жәмиля Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Күрес

ҚР ҰОК

Қазақстандық Жәмиля Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің қорытындысы бойынша (United World Wrestling – UWW) 2023 жылдың рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

72 келіде өнер көрсететін Бақбергенова биыл үшінші рет Азия чемпионатында топ жарды, ал қыркүйекте Сербиядағы турнирде қола жүлдегер атанды.

Қазанда Қытайда өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Рейтинге балуандардың әлемдік турнирлерге қатысқандағы нәтижелері есептеледі.