Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Жарыстың бірінші ракеткасы ретінде тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге индонезиялық Беатрис Гумуля – жапониялық Рина Сайгомен бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева – Сапфо Сакеллариди жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен таласады.