"Милан" Италия кубогының ширек финалына шықты

Футбол

©twitter.com/acmilan

"Милан" "Кальяриді" ұтып, Италия кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

1/8 финалдық ойын "Джузеппе Меацца" стадионында өтіп, 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. "Милан" сапында Лука Йович (29-минут, 42-минут) дубль авторы атанса, Шака Траоре (50-минут) пен Рафаэль Леау (90+1-минут) де мергендік танытты. Ал қонақтардан Пауло Ацци (87-минут) бір голмен жауап қатты.

Енді "Милан" ширек финалда 1/8 финалдың жұбы "Аталанта" - "Сассуоло" жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін ширек финалға "Болонья", "Фиорентина", "Лацио" мен "Фрозиноне" шыққан.