Бахтиер Зайнутдиновтің "Бешикташтағы" жалақысы белгілі болды

Бахтиер Зайнутдиновтің
Футбол

"Бешикташ" ФК

Түркияның "Бешикташ" клубындағы легионерлердің жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Олардың арасында қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов те бар. Footbal Critix мәліметінше, жерлесіміз жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен "Бешикташ" арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Ал клубтағы ең жоғары жалақы камерундық шабуылшы Винсен Абубакарға тиесілі – жылына 3 млн еуродан астам.

Зайнутдинов түрік клубына былтырғы тамызды Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысты. Трансфер құны отандық футбол үшін рекордты жаңартты – 4,5 млн еуро.