Роналдуға Марадона атындағы сыйлық табысталады

Роналдуға Марадона атындағы сыйлық табысталады
Футбол

pixabay

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду аңыз ойыншы Диего Марадона атындағы сыйлық алады, деп хабарлайды

38 жастағы португалиялық 2023 жылдың үздік сұрмергені ретінде сыйлыққа ие болады. Себебі роналду 54 голды өз атына жазды. Естелік сыйлық Роналдуға 19 қаңтарда Дубайда өтетін Globe Soccer Awards іс-шарасында табысталады.

Роналду бұл салтанатты табыстау рәсімінде тағы бірнеше марапат алуы мүмкін. Қазір ол Таяу Шығыстағы үздік ойыншы атағынан да үміткер. Естеріңізге сала кетейік, Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапына былтыр қосылған.