Стенд ату: Жаңадан отау құрған отандық спортшылар Париж жолдамасына таласады

Стенд ату: Жаңадан отау құрған отандық спортшылар Париж жолдамасына таласады
Спорттық ату

12-23 қаңтар аралығында Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирде 8 олимпиадалық квота сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түріне екі жолдамадан берілмек. Қазақстан атынан «трап» және «скит» бағдарламсы бойынша 18 спортшы бақ сынайды.

Стенд атудан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан командасының құрамы:

Трап: Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамамбетова, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Коенченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.

Скит: Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко.

Айта кетелік, жақында шаңырақ көтерген Әлішер Айсалбаев пен Әсем Орынбай да Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.