«Барыс» ойсырай ұтылды

«Барыс» ойсырай ұтылды
Хоккей

Елорданың «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы қатарынан төрт жеңістен кейін қайтадан есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жолы Челябіде «Трактормен» кездескен. Бас бапкер Олег Болякин бұл ойынға мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) – Хенкель-Грант, ЛаБейт-Червени – Камара; Скленичка-Ножье, Старченко-Шестаков-Рымарев; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Апальков-Әсетов; Логвин-Данияр, Оспанов-Гурков-Өмірбеков.

Ойын 5:1 есебімен аяқталды. «Трактор» ойсырата жеңді.

«Трактор» (Челябинск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 5:1

Шайба: 1:0 – 05:11 Тертышный (Сошников, Яруллин).

1:1 – 32:04 Ножье (Скленичка). В равенстве

2:1 – 32:50 Шаров (Дронов, Котляревский).

3:1 – 44:07 Юртайкин (Ткачёв, Шабанов).

4:1 – 45:22 Кравцов (Яруллин, Блажиевский).

5:1 – 54:50 Карпухин (Юртайкин, Телегин).