Рыбакина Брисбен турнирінің финалында кездеседі

Рыбакина Брисбен турнирінің финалында кездеседі
Теннис

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген отандасымыз қазақстандық теннисші жартылай финалда 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен кездесті. Жерлесіміз екі сеттің қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Енді финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.