Қазақстан биатлоншылары әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстан биатлоншылары әлемдік рейтингте жоғарылады
Қысқы спорт

instagram.com/biathlon_kaz

Алғаш рет биатлоннан Әлем кубогының эстафетасында Қазақстан ерлер құрамасы үздік 11 команданың қатарына енді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Германияның Оберхов қаласында ерлер арасында 7 шақырымдық эстафета өтті. Бұл сында ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Никита Акимов қорғады.

Осылайша Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттар кубогы рейтингінде 12-орынға көтерілді.