Оралхан Өміртаев Беларусь клубына ауысты

 Оралхан Өміртаев Беларусь клубына ауысты
Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Оралхан Өміртаев Беларусь клубына ауысты, деп хабарлайды  BasSport.kz.

25 жастағы шабуылшы бұған дейін «Атырауда» өнер көрсеткен. «Мұнайшылар» сапында 30 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Оның алдында «Шахтер», «Ақжайық», «Тобыл» клубтарының жейдесін киген.

Жалпы, Қазақстан премьер-лигасында 173 матч өткізіп, 22 гол салып, 11 нәтижелі пас берген.