Нариман Курбанов әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Нариман Курбанов әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Гимнастика

Гимнастикалық ат снарядында өнер көрсететін Нариман Курбанов әлемдік рейтингте жоғарылады, деп жазады Bassport.kz.

Бұл туралы бас бапкер Александр Ким мәлімдеді. 

"Нариман Курбанов Котбустағы әлем кубогі кезеңінде топ жарып, маңызды ұпай еншіледі. Нариман қазір әлемдік рейтингте екінші орында келеді. Ол екі әлем кубогі кезеңінің қорытындысы бойынша 46 ұпай иеленген. Бұл снарядта көш бастап тұрған иорданиялық спортшыда 55 ұпай бар. Одан кейін кореялық спортшы 45 ұпаймен өкшелеп келеді", - деді ол. 

Айта кетелік, әлем кубогінің екі кезеңі артта қалды. Спортшылар енді тағы да екі кезеңде бақ сынайды.