Марко Матерацци Қазақстандағы Metaratings Top Awards салтанатты кешінің арнайы қонағы болады

Марко Матерацци Қазақстандағы Metaratings Top Awards салтанатты кешінің арнайы қонағы болады
Басқа

2010 Getty Images

Италия құрамасы сапында футболдан əлем чемпионы, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жеңімпазы жəне Миланның «Интермен» бірге 5 дүркін Италия чемпионы болған Марко Матерацци Қазақстанның спорт жəне бизнес саласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Metaratings Top Awards марапаттау рəсіміінің арнайы қонағы болады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Марапаттау рəсіміне аты аңызға айналған италиялық қорғаушы қатысады. Сыйлықтар 2023 жылы үздік шыққан спортшылар мен жаттықтырушыларға, командалар мен спорт ұйымдарына, журналистер мен блогерлерге, спорт пен бизнестегі үздік менеджерлерге беріледі. Қазақстанның спортқа жанашыр əрбір азаматы байқаудың ресми сайтында өз таңдауын жасап, 20-дан астам номинация бойынша үздіктерді анықтауға ат салысты. Дауыс беру кеше аяқталды. Енді арнайы сайланған қазылар алқасы соңғы таңдауын жасайды.

Марко Матераццидың қатысатын марапаттау рəсімі 2024 жылдың 28 наурызында Астанадағы Ritz Carlton қонақүйінде өтеді. Metaratings Top Awards үшін ақпараттық серіктестері қатарында «Рейтинг букмекеров Казахстан», Setanta Sports, Qsport жəне Sport+ Qazaqstan телеарналары, Қазақстанның киберспорт федерациясы жəне Bassport сайты бар.