Ташкенттегі Grand Slam: Сметов жеңілді, Әбужақынова жартылай финалда

Ташкенттегі Grand Slam: Сметов жеңілді, Әбужақынова жартылай финалда
Дзюдо

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп жазады Bassport.kz. 

Әбужақынва іріктеу кезеңінде Түркментан, Израиль және Америка спортшыларынан басым түсті.

Жартылай финалда ол швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі. 

Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева үшінші айналымды ресейлік Сабина Гилиязовадан ұтылды.6һ

60 келідегі ұлттық құрама үздігі Елдос Сметов ширек финалда грузиялық Георгий Сардалашвилиден жеңіліп қалды. 

Бүгін жарыс жолына шыққан Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Жанарыс Рахметқали (66 келі) турнирді жүлдесіз аяқтады.