Қазақстан футбол федерациясының президенті болған Қожапағанов ұсталды

Қазақстан футбол федерациясының президенті болған Қожапағанов ұсталды
Футбол

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі болған, Қазақстан футбол федерациясын басқарған Ерлан Қожағапановты ұстады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, — дейді Антикордан.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Үкімет басшысының кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы инсайдерлік ақпарат таратқан еді. Осыған орай ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Ерлан Қожағапанов 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуір айына дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол қазір Үкімет басшысының кеңесшісі деген ақпарат шындыққа жанаспайды,- делінген үндеуде.
Ерлан Қожағапанов 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан футбол федерациясын басқарған. Сондай-ақ «Астана» кәсіпи спорттық клубының директоры да болған.